ATP және WTA Мәскеуде өтетін «Кремль кубогы» турнирін тоқтатты
Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылық соғысының нәтижесінде халықаралық спорт ұйымдарының түрлі санкциялары мен тыйымдары жалғасуда.
Атап айтқанда, ерлер мен әйелдер теннис қауымдастығы (ATP және WTA) ағымдағы жылдың қазан айында Мәскеуде өтетін «ВТБ Кремль кубогынан» бас тартты.
Сонымен қатар, ATP және WTA қамқорлығымен өтетін турнирлерде мен «Үлкен дулыға» жарыстарында ресейлік спортшылар мемлекеттік рәміздерсіз: жалаусыз және әнұрансыз қатысатын болады.