Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Өзбекстанда қатерлі ісікті емдеуге көмектеседі
12:51 / 2021-10-04

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Өзбекстанда қатерлі ісікті емдеу (imPACT mission) миссиясы аясында Өзбекстанға комплексті миссия жіберуді жоспарлап отыр.

ІmPACT өкілдіктері AЭXA-ға мүше мемлекеттерге қатерлі ісікті емдеу саласындағы ұлттық мүмкіндіктерін бағалауға және осы саладағы бар қиындықтарға тиімді жауап беру үшін қажеттіліктер мен басымдықтарды анықтауға көмектеседі.

Dunyo агенттігінің хабарлауынша, AЭXA сарапшылары негізгі миссияға дайындалу үшін 5-8 қазанда Өзбекстанда болады. Сапар барысында Денсаулық сақтау министрлігінің түрлі ведомстволарында келіссөздер өтеді. ДДСҰ-ның Өзбекстандағы өкілдігімен болашақ сарапшы миссиясының мәселелері талқыланады. 

Сондай-ақ, Ислам даму банкінің жобалық тобы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық мамандандырылған онкология және радиология ғылыми-практикалық медициналық орталығының Ташкент облыстық және Наманган филиалдарының қызметімен танысуы көзделген.