Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік миссиясы желтоқсан айында Өзбекстанға келеді
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік басшысы Рафаэл Гросси Өзбекстанның ядролық бағдарламаны жүзеге асыруынан қуанышты екенін айтқан
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік басшысы Рафаэл Гросси бастаған делегация желтоқсан айында Өзбекстанға сапармен келеді.
2020 жылдың 20 шілдесінде Венада Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Шерзод Асадов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Есірткі және қылмыс істері жөніндегі басқармасының (БҰҰББ) атқарушы директоры Гада Вали, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гросси және БҰҰ Индустриялық даму ұйымының (UNIDO) бас директоры Ли Ёнмен кездесу өткізіп, онда Өзбекстандағы ядролық бағдарлама жөніндегі мәселені талқылаған.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Өзбекстанның ядролық инфрақұрылымын дамытудағы табысты ынтымақтастығын, осы жылдың желтоқсан айында өтетін республиканың ядролық инфрақұрылымын жан-жақты бағалау бойынша миссияға бірлескен дайындықты жоғары бағалап, агенттік директоры Рафаэль Гросси Өзбекстанның ядролық бағдарламасын жүзеге асыруға ниетті екеніне өте қуанышын жасырмай жаңа ядролық мемлекеттер үшін Өзбекстан мен қарым-қатынас орнатудың үлгісі болғандығын айтты, деп хабарлайды СІМ.