Атлант мұхитында жоғалған сүңгуір кемені іздестіру алаңынан табылды
Қашықтықтан басқарылатын су асты көлігі (ROV) бірнеше күн бұрын суға батқан Титаникке экспедиция кезінде Атлант мұхитында жоғалып кеткен «Титан» сүңгуір кемесінің сынықтарын іздестіру аймағында тапты.
Бейсенбі күні АҚШ жағалау күзеті су астындағы «Титанның» сынықтары табылғанын растады.
Жағалау күзетінің контр-адмиралы Джон Маугер операция кезінде «Титанның» сынықтары табылғанын айтты. Табылған заттарға қарағанда кемеде жарылыс болғанын көрсетеді. Болжам бойынша, борттағы адамдардың барлығы қайтыс болған.
Маугер іздеу топтары аумақты іздеуді жалғастыратынын және қайтыс болғандардың денесін табуға тырысатынын жеткізген.
АҚШ жағалау күзеті қызметінің мәліметінше, кеме «Титаник» құлаған жерден 500 метрдей жерде жарылған деген болжам бар.