Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ат спорты: Өзбекстандық шабандоздар Астанада жүлделі орындарға ие болды
14:32 / 2025-06-02

Қазақстанның Астана қаласында ат спортының конкур түрі бойынша Орталық Азия елдерінің жетекші құрамалары қатысқан халықаралық турнир өтті.

130 см биіктіктегі кедергілерден секіру бойынша өткен командалық жарыста Өзбекстан құрамасы екінші орынды иеленді. Бірінші орын Қазақстан шабандоздарына бұйырса, үшінші орынды Қырғызстан құрамасы еншіледі.

Сондай-ақ жеті елден келген спортшылар арасында 130 және 145 см биіктіктегі кедергілерден секіру бойынша жекелей сайыстар өтті. Бұл жарыстар жоғары бәсекелестікпен есте қалды.

«Maxima Masters Eurasia» шағын кубогы аясында 130 см биіктіктегі жарыста Өзбекстан атынан қатысқан Хуршидбек Алимжонов алтын медаль иеленді.

Ал 145 см биіктіктегі жекелей сайыста өзбекстандық шабандоздар Акбар Шарипов пен Бекзод Қурбонов тиісінше алтын және күміс медаль жеңіп алып, ел абыройын асқақтатты.