Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ат спорты: Ташкентте әлем кубогының іріктеу кезеңі басталды
12:33 / 2024-11-19

Ташкент қаласындағы «Universal Horses Stable» ат спорты клубында «FEI World Challenge» әлем кубогының I кезеңі өтті. Бұл байрақты бәсеке ат спортын жақсы көретін қауым үшін айрықша оқиға болды.

Әлем кубогындағы кедергілерден секіру сайыстарына 50 шабандоз өз шеберлігін байқап көрді. Жарыстар үш топта («А», «Б», «С») өтті. «А» тобында 120-130 см биіктіктегі кедергілерден секірген шабандоздар бақ сынаса, «Б» тобында 110-120 см биіктікті бағындыруға ұмтылған атшылар жарысқа түсті. Ал «С» тобында 100-110 см биіктіктегі кедергілерден секіруге тырысқан шабандоздар өзара мықтыны анықтады.

[gallery-20442]

Қызықты әрі тартысты өткен жарыстарда көшбасшылар қатарында Мария Душенко («А» тобы), Ёрмухаммад Фозилхожаев («Б» тобы), Жавохир Уринбоев («С» тобы) тұр.

Айта кетейік, әлем кубогының келесі II-III кезеңі 27-28 қараша күндері өтеді.

суреттерді түсірген Мухаммад АМИН, ӨзА