Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады
20:14 / 2020-07-06

Бүгін ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толды


Бүгін ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасы 80 жасқа толуымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейлі жасымен құттықтады, -деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Онда, ҚР Президенті мен бірге ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов құттықтағаны айтылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан ерекше үлесі мен рөлін атап өтіп, «– Бүгін тарихи күн – Елбасымыздың 80 жылдығы. Ол – қазақ халқының ұлы қайраткері, ұлы перзенті. Бүкіл әлем солай деп санайды. Елбасы шын мәнісінде ұлы адам, біз бұл туралы айтуымыз керек. Әрбір халық өзінің көрнекті тұлғаларымен танымал және әрбір халық өзінің тарихи қайраткерлерімен мақтануы керек. Нұрсұлтан Назарбаев заманауи мемлекет құрды, әлем картасында Қазақстанның шекарасын шегендеді. Бұл туралы біздің Елбасымызға қоңырау шалып, құттықтап жатқан әлемнің барлық көрнекті саясаткерлері айтып жатыр. 80 жас – әр адамның өміріндегі маңызды меже. Мен Нұрсұлтан Назарбаевқа ұзақ ғұмыр тілеймін. Елбасының алдағы уақытта да біздің халқымызға, мемлекетімізге үлкен пайда әкелетініне сенімдімін», – деген Тоқаев.

2007061836390450g.jpg