English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қасым-Жомарт Тоқаев Дмитрий Медведевпен кездесті
23:34 / 2020-03-06

Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде, соның ішінде коронавирус індетінің таралуына қарсы күресу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы пікір алмасқан


Қазақстан Президенті бүгін 6 наурызда Ресей Федерациясының Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен кездесті, деп хабарлайды "Ақорда" баспасөз қызметі.

Осы кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дмитрий Медведев екі мемлекет арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективаларын қарастырып, халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылаған.

Сондай-ақ, Қазақ елінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дмитрий Медведевті жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, осы ауысу Ресейдің дамуына ерекше ықпал ететіні жайында айтқан.

Өз кезегінде Дмитрий Медведев жаңа лауазымдағы жұмысына кіріскен шақта Қазақстанға жасаған сапарын ерекше символдық мәні бар екенін айтып, соңғы жылдардағы атқарған жұмыстары барысында негізіг сапары Қазақсытанға жасалғаны мен сипаттап осы сапарлар стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың нығайуына көмектесуін жеткізген.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде, соның ішінде коронавирус індетінің таралуына қарсы күресу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы пікір алмасқан.