Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдау жариялайды
Қазақ елінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын жариялайды
Қазақ елінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын жариялайды.
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли «facebook» парақшасында жазған хабарламасында, «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады», делінген.