Дубайдағы Дүниежүзілік үкіметаралық саммитте сөз сөйлеген британдық астрофизик Мартин Риз 2050 жылы Марсқа миллион адам жіберуді жоспарлап отырған «SpaceX» компаниясының негізін қалаушы Илон Маскты сынға алды.
Sky News-те жарияланған ақпаратта «Масктың идеясы қате және қауіпті елес... Марста өмір сүру Оңтүстік полюсте немесе Эверестте өмір сүруден гөрі нашар болса болады, мүлдем жақсы емес екені анық», - деген Мартин Риз.

Америкалық астрофизик Нил Деграсс Тайсон да әріптесінің пікірімен келіседі. Ол Марста жайлы өмір құру үшін алдымен оны «Жерге айналдыру» керек деп тұжырымдайды. Жердегі ықтималды апаттан құтылу үшін басқа планетаға көшу, оның пікірінше, қазіргі шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі кезде адамзатқа Марста жеткілікті жағдай жасаудан гөрі, Жердің өзін жойылудан құтқару оңай, деген ол.
Еске салайық, Илон Маск 2050 жылы Марсқа миллион адам жіберуді жоспарлағанын айтқан болатын. Қазіргі кезде «SpaceX» «Қызыл планетаға» жерсеріктерді, экипажды және жүктерді жеткізе алатын көлік жүйелерін құрумен айналысудады.