Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
AstraZeneca вакцинасының кезекті партиясы Өзбекстанға жеткізілді
11:07 / 2021-08-14

14 тамыз күні AstraZeneca вакцинасының 276 480 дозасы Өзбекстанға жеткізілді.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің хабарлауынша, COVAX бағдарламасы аясында Франциядан AstraZeneca вакцинасының 276 480 дозасы Өзбекстанға жеткізілді.

Осылайша, Өзбекстанға әкелінген вакциналардың жалпы қоры 14 миллион 856 мың 540 дозаға жетті. Олар қатарында AstraZeneca вакцинасының үліесі 986 480 дозаны құрайды.

Жалп елде қазіргі кезде 4 вакцина тіркеуден өткен болып, олардың үлесі мынадай:

  • 370 мың доза Спутник V,
  • 986 480 мың доза AstraZeneca,
  • 10,5 миллион доза ZF-UZ-VAC2001,
  • 3 миллион 60 доза - Moderna вакцинасы.

13 тамыздағы жағдай бойынша, Республикадағы вакцинация науқаны барысында жалпы 11 915 705 доза екпе қолданылған. Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы толық егілгендердің саны - 1 392 885 құрауда.