French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
AstraZeneca вакцинасы тиімсіз деп табылды
12:14 / 2021-02-08

Оңтүстік Африка билігі Оксфорд университетінің мамандарымен бірлесіп AstraZeneca компаниясы өндірген коронавирус вакцинасын қолдануды тоқтатты. Бұл препарат коронавирустың Оңтүстік Африка штаммына қарсы тиімді емес болып шыққан.

Euronews мәліметінше, елдің денсаулық сақтау министрі Звели Мкхизе AstraZeneca компаниясы өндірген коронавирус вакцинасы коронавирустың Оңтүстік Африкалық штаммына қарсы тиімділігі төмен болғанына байланысты оны қолдануды кейінге қалдырды, деген. 

Министрдің айтуынша, жағдайды түсіну үшін сарапшыларға уақыт беру керек. Оңтүстік Африка Республикасында сәуір айында жарамдылығы аяқталатын AstraZeneca вакциналарының 1,5 миллион дозасы мамандар оны қолдануға болатын-болмайтынын айтқанға дейін сақталады деген.

8 ақпанда ДДСҰ сарапшылары AstraZeneca вакцинасына қатысты жағдайды талқылау үшін жиналады деп күтілуде. Өйткені, дәл осы препарат жағдайы төмен елдерді вакцинамен қамтамасыз етуге арналған COVAX механизмі шеңберіндегі негізгі дәрі болып табылады.