«AstraZeneca» коронавирустық вакцина сынақтарын қайта бастады
Вакцинаны тексерген тәуелсіз комиссия құрамы сынақтарды жалғастыруға болады деген қорытынды жасаған
«AstraZeneca» фармацевтикалық компаниясы мен Оксфорд университеті мамандары бірігіп жасаған коронавирустық вакцина АҚШ-тағы сынақтар кезінде еріктілерінің бірінің ауруына байланысты тоқтатылған еді. Алайда компания бұл сынақтарды қайта бастады.
Өткен аптада «AZD1222 » вакцинаның клиникалық сынағының үшінші кезеңі аясында АҚШ-тағы науқастардың бірінде вакцина өзгеше әсер етуіне байланысты тоқтатылған еді. Алайда вакцинаны тексерген тәуелсіз комиссия құрамы сынақтарды жалғастыруға болады деген қорытынды жасаған.
«Коронавирусқа қарсы AZD1222 вакцинасының клиникалық сынақтары дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бақылау басқармасының (MHRA) сынақтарды жалғастру қауіпсіз екендігі жайлы қорытындысынан кейін, сынақтар қайта басталды», - делінген компанияның хабарламасында.