«AstraZeneca» компаниясы коронавирустық вакцинаның сынақтарын тоқтатты
«AstraZeneca» ағылшын-шведтік фармацевтикалық компаниясы коронавирустық вакцинаның 3-кезең сынақтарын тоқтатты
«AstraZeneca» ағылшын-шведтік фармацевтикалық компаниясы коронавирустық вакцинаның 3-кезең сынақтарын тоқтатты.
«Stat News» таратқан ақпартта, Оксфорд мамандарымен бірігіп жасалған «AstraZeneca» вакцинасының клиникалық сынағының үшінші кезеңі аясында АҚШ-тағы науқастардың бірінде өзгеше әсер етуіне байланысты тоқтатқан. Қазірде вакцина қабылдаған еріктінің жағдайы жөнінде нақты мәлімет жоқ.
Компания өкілдерінің мәліметінше, мұндай жағдайларда клиникалық сынақтарды тоқтата тұру да қалыпты жағдай, деген. Бірақ бұл процес қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз екені айтылуда.
«AstraZeneca» компаниясы коронавирустық вакцинаны жасау жолында АҚШ үкіметінен 1,2 млрд доллар қаржы алған. Соның негізінде Ақ үй басшысы Дональд Трамп вакцина жыл соңына дейін мүмкін одан да ертерек қолданысқа шығуы жайлы айтқан еді.