Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Астраханьда «Каспий-2023: тұрақты даму жолдары» тақырыбында ғылыми шара өтеді
08:14 / 2023-05-09

29-31 мамыр күндері Ресейдің Астрахань қаласында Каспий ғылыми-білім беру конгресі аясында «Каспий-2023: тұрақты даму жолдары» тақырыбында ғылыми шара өтеді. Алқалы жиын Астрахань облыстық әкімшілігі, Астрахан мемлекеттік университеті, «Ресей – мүмкіндіктер елі» автономды коммерциялық емес ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылып отыр.

Негізгі шаралар В.Н.Татишев атындағы Астрахань мемлекеттік университетінде өтеді. Биыл үшінші рет өткізіліп отырған форумда Ресейдің Каспий теңізіндегі позициясын нығайту, Каспий маңы елдерінің ғылым мен техника, білім, мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланады.

Астрахань мемлекеттік университетінің ақпараттық саясат және коммуникациялар кафедрасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, үш күндік шара аясында талқылаулар, этнографиялық олимпиада, «Құзырет орталықтары» жобасының сарапшылар кеңесінің отырысы, облыстың көліктік логистика саласындағы жоғары оқу орындары консорциумының жиыны жоспарланған.

Астрахань мемлекеттік университетінің ректоры Константин Маркеловтың айтуынша, Каспий маңы елдері арасында білім беру саласындағы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту оның аймақтық және жаһандық ауқымдағы тұрақтылығын арттыруға көмектеседі.

«Әртүрлі сала өкілдері арасындағы практикалық диалог, жаңа әлеуметтік, экономикалық, технологиялық қауіптер мен халықаралық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын ескере отырып, , Каспий өңірінің тұрақты дамуының өзекті мәселелерін шешудің ортақ тәсілдерін әзірлеу бірлескен жұмыстың нәтижесі болады», - дейді Константин Маркелов.

Форумға қатысу үшін мына сілтеме арқылы тіркелуге болады: caspian2023.asu.edu.ru

 

Ғ.Ханназаров, ӨзА