Америкалық Astra Space ғарыш компаниясының стартап жобасында зымыранының алғашқы коммерциялық ұшырылымы сәтсіз аяқталды.
Компанияның хабарлауынша, 10 ақпан күні кешкі уақытта зымыран тасығыш техникалық ақауларға байланысты спутниктерді берілген орбитаға шығара алмады.
«Бүгінгі ұшыру кезінде біз пайдалы жүктің орбитаға шығаралмадық», - деп жазған Astra Space.
Ғарыш кемесі іске қосылғаннан кейін шамамен 3,5 минут өтіп зымыран тасығыштың бірінші сатысы автоматты түрде бөлініп шықты. Екінші кезеңдегі қозғалтқыштың қосылғанына қарамастан, ол бақыланбайтын айналуды бастады және бірнеше секундтан кейін онымен байланыс үзілгені, айтылады хабарламада.
Launch Vehicle 0008 зымыран тасығышы Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен ұшырылды және NASA-ның төрт ықшам жер серігін Жердің төменгі орбитасына шығаруы керек болатын.
Сәтсіз ұшырылымнан кейін Astra акциялары құлдырап, компания құнының үштен бір бөлігін жоғалтты.
2016 жылы негізі қаланған Astra компаниясы ғарышқа шағын зымырандарды ұшыруға бағытталған.