Астанада Өзбекстанның бейнелеу және халық өнерінің көрмесі өтеді
2024 жыл 6-8 тамыз күндері Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Өзбекстанның бейнелеу және халық өнерінің көрмесі өтеді.
Көркемөнер академиясының хабарлауынша, атаулы көрмеге Өзбекстан Көркемөнер одағына мүше 24 суретшінің 70 жұмысы қойылады.
Бұл көрме Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрлігі, Өзбекстан Көркемөнер академиясы, «Хунарманд» ұйымымен бірлесіп, Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.