Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Астанада Өзбекстан мен Қазақстан СІМ арасында саяси консультациялар өтті
12:37 / 2024-08-07

Астана қаласында Өзбекстан мен Қазақстан сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың кезекті раунды өтті.

СІМ хабарлауынша, делегацияларды Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усманов пен Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонысбаев басқарды.

«Тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады», делінген хабарламада.