Астанада шахмат Олимпиадасының алауы жағылды
Астана қаласында өтетін шахматтан командалық чемпионаттың ашылуы алдында маңызды іс-шара – Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) 100 жылдығына арналған Будапешт қаласында ұйымдастырылатын 45-ші Шахмат олимпиадасының салтанатты алау эстафетасын жағу рәсімі өтті.
KAZINFORM мәліметінше, Олимпиада алауы Қазақстанға ФИДЕ ұйымының отаны, қазір XXXIII Жазғы Олимпиада ойындары өтіп жатқан Парижден келді.
Салтанатты эстафетаны ҚР премьер-министрі Олжас Бектеновке ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович табыстаған.

Әлемнің ең мықты шахматшылары қатысатын бұл чемпионатта өзбекстандық Нодирбек Абдусаттаров «WR Chess Team» сапында бұрынғы әлем чемпионы Магнус Карлсен, әлемдік рейтингте үздіктер қатарынан көрінген Ян Непомнящий және Кшиштоф Дуда сынды 9 шахматшымен жеңіс үшін күреседі.

Жүлде қоры 350 мың еуроны құрайтын әлем чемпионатына 39 командадан 350 шахматшы қатысады. Рапид жарысы 2-4 тамызда, блиц жарысы 5-6 тамызда өтеді.