Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммиті басталды
11:17 / 2022-10-13

Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммиті өз жұмысын бастады.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, жоғары деңгейдегі кездесу АӨСШК шақыру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып, Қазақстанның төрағалығымен өтеді. Саммитке мүше мемлекеттердің, байқаушы елдер мен ұйымдардың, серіктес ұйымдардың бірінші басшылары шақырылған.

Азия кеңесінің саммиті пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстанда ғана емес, жалпы континентте де аса ауқымды саяси оқиғалардың біріне айналады деп айтуға болады. Осы саммит қазақстандық төрағалықтың басты іс-шарасы, оның ішінде Қазақстанның төраға ретіндегі екі жылдық жұмысы қорытындыланады.

11 мемлекет басшысы қатысатын саммит барысында бірқатар құжаттарға қол қойылып, шешімдер қабылданады деп жоспарлануда.