Ташкент қаласында өтіп жатқан Парламентаралық Одақтың 150-жылдығына арналған Ассамблея аясында Өзбекстандағы реформалар мен жаңғырулар халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланды.
Атап айтқанда, Мексика парламенті делегациясы Өзбекстан Олий Мажлис Заң шығару палатасының спикері Нуриддин Исмоиловпен болған кездесуде көрсетілген қонақжайлық үшін алғыс білдіріп, ел Президенті Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан демократиялық реформаларды ерекше атап өтті.
Делегация мүшелері соңғы сегіз жылда Өзбекстан даму жолында тың серпін алып, барлық салада жүргізіліп жатқан өзгерістер мен жаңғырулар халықаралық қауымдастық тарапынан кеңінен қолдау тауып отырғанын айтты.
Мексикалық тарап Ташкентте өтіп жатқан Парламентаралық Одақтың мерейтойлық 150-ассамблеясы Өзбекстандағы ауқымды реформалардың және демократиялық өзгерістердің халықаралық деңгейде мойындалуының нақты дәлелі екендігін алға тартты.
Кездесу барысында Өзбекстан мен Мексика арасындағы екіжақты әріптестік, соның ішінде парламенттер арасындағы байланыстарды нығайту және кеңейту мүмкіндіктері жайлы пікір алмасылды.