Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Асқар Мамин Қазақстан Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды
21:29 / 2021-01-15

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Асқар Мамин ҚР-ның Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.

«Аkorda.kz» сайтындағы ақпаратта, «Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын», делінген. 

Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінде монтаждаушы болып бастаған Асқар Ұзақбайұлы 2019 жылғы 25 ақпаннан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары қызметінен ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалған болтын.

Сонымен қатар, Қазақстан Парламент Мәжілісінің төрағалығына Нұрлан Нығматулин сайланған. «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттгінің хабарлауынша, бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтіп, онда Мәжілістің төрағалығына Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасы ұсынылып, депутаттар жасырын дауыс беру арқылы сайлаған.