French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ашхабад қаласында Өзбекстан мен Түркіменстан Президенттері кездесу өткізді
20:56 / 2021-04-29

Ашхабад қаласында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев пен Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуі өтті.

Сұхбат басында Мемлекет басшысы Түркіменстанның көшбасшысына әкесі Маликгули Бердімұхамедовтің қайтыс болуына байланысты Өзбекстан халқының және жеке өзінің атынан тағы да көңіл айтты.

Көңіл айтуға ризашылығын білдіре отырып, Түркіменстан Президенті бауырлас өзбек халқы мен оның көшбасшысы қазіргі қиын-қыстау кездегі көтермелеуді бағалайтынын және қадірлеуін жетікзді.

Келіссөздер барысында Өзбекстан мен Түркіменстан Президенттері екіжақты және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Шавкат Мирзияев кездесуде Гурбангулы Бердімұхамедовті Түрікменстан Ұлттық Кеңесінің Халықтық Мәслехат төрағасы қызметіне сайлануымен құттықтап, бұл елдің дамуы үшін жүргізіліп отырған саясат Түркіменстан халқының берік қолдауының айқын дәлелі екенін айтты.

Пандемияның қиын кезеңінде өзбек-түркімен қатынастары дамуы оң бағытта екені сөз болып, бірлескен күш-жігердің нәтижесінде соңғы жылдары сауда көлемі үш есе артып, өткен жылы 530 млн долларға жетті, 150-ден астам бірлескен кәсіпорындар құрылды.

Тараптар халықаралық көліктік-транзиттік дәліз құру туралы Ашхабад келісімін одан әрі ілгерілетуге, сондай-ақ Қытай-Орталық Азия-Оңтүстік Кавказ-Түркия мультимодальдық маршрутын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігін растады.

Өзбекстан Президенті Түркіменстан Президентіне халықтарымыздың арасындағы бауырластық қатынастардың тағы бір жарқын белгісі ретінде Ашхабадта Ташкент саябағын құру туралы бастамасы үшін алғыс айтты.

Кездесу соңында Өзбекстан мен Түркіменстан басшылары екі халық арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық пен тату көршілік байланыстарын одан әрі нығайту үшін өзара сенім мен құрмет қағидаттарына негізделген стратегиялық серіктестікті дәйекті түрде нығайтуға бел буғандықтарын растады.