French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ащы бұрыш экспорты күткендегіден жоғары нәтиже беріп тұр
11:10 / 2019-06-21

2018 жылдың көктемінде Қарақалпақстан Республикасы және өңірлерде экспортқа бағдарланған ащы бұрыш көшеттері 15 мың гектардан астам жерге егілген болатын.


Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 2018 жылғы 27 қаңтардағы № 62 қаулысын орындауды қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылдың көктемінде Қарақалпақстан Республикасы және өңірлерде экспортқа бағдарланған ащы бұрыш көшеттері 15 мың гектардан астам жерге егілген болатын.

Қазіргі уақытта қызыл бұрыш экспорты күрт өскені мәлім болды. Өзбекстанның мемлекеттік статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында Өзбекстан 51 млн. долларға бұрыш экспортқа шығарды. Бұл 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 13,4 есе көп.

Бұдан басқа, ащы бұрыш экспорты одан сайын өсіп келеді: ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында ол 25 миллонға жетті.

Ащы бұрыштың экспортын ақшалай есептегенде елдегі жеңіл автокөліктердің (18,6 млн. доллар), қайта өңделген жемістер мен көкөністердің (22 млн. доллар), тіпті электр энергиясының (47,2 млн. доллар) экспортын басып өзған.