Арсен Венгер: Ұлттар Лигасы пайдасыз және тым түсініксіз турнир
Қазіргі кезде Еуропа жасыл алаңдарында өтіп жатқан Ұлттар Лигасы ойындарының 3-тур кездесулері аяқталып, бүгін 4-тур матчтары басталады
Лондондық «Арсенал» клубының бұрынғы бапкері Арсен Венгер, Ұлттар Лигасы пайдасыз және тым түсініксіз турнир екенін айтып оны тоқтату керектігі жайлы сөз айтты.
ФИФА-да жұмыс істейтін француздық футбол майталманы, футболды дамытуға жауапты маман ретінде жасыл алаңдағы қажетсіз сайыстардан бастарту керек деп санайды.
- Біз қисынсыз қажет емес турнирлерден бас тартуымыз керек. Еуропа чемпионаты мен Әлем чемпионатын әр төрт жыл емес, неге әр екі жыл сайын өткізбеске. Турнирдің беделі оның жиі өткізілуіне байланысты емес, футбол сапасына байланысты. Өйткені жанкүйерлер Чемпиондар лигасын жыл сайын көреді және олар бұл турнирден жалыққан емес. Көшедегі кез-келген кісіден Ұлттар Лигасы деген не екенін сұрасаңыз, оны түсіндіріп беретіндер аз. Сондықтан біз күрделі біліктіліктен бас тартуымыз керек, деген Арсен Венгер.
Еске салар болсақ, қазіргі кезде Еуропа жасыл алаңдарында өтіп жатқан Ұлттар Лигасы ойындарының 3-тур кездесулері аяқталып, бүгін 4-тур матчтары басталады.