Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«АрМИ-2022» халықаралық армия ойындары аясында Өзбекстан 5 жарыс түрін қабылдайды
16:31 / 2022-08-04

«АрМИ-2022» халықаралық армия ойындары биылғы жылдың 13 тамызы мен 27 тамызы аралығында әлемнің 12 елінде өтеді.

Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, республикада алғаш рет өтетін бұл сайыстың 5 бағыты бойынша жарыстар ұйымдастырылады.

Байрақты бәсеке Жызақ, Самарқанд, Шығыс әскери округі және Шыршық жоғары танк қорғанс-инженерлік академиясында өтеді. 

Ұлттық армияның күші мен әлеуетін, ел қорғаушылардың жауынгерлік әзірлігі мен кәсіби дайындығын айқын көрсететін бұл сайыста 34 бағыт бойынша 37 елден 275 команда қатысады. Өзбекстан бұл жарыста байқаудың 20 бағыты бойынша бақ сынайды. 

Өзбекстан Қорғаныс министрлігі командасы Ресей, Моңғолия, Беларусь, Қазақстан, Венесуэла, Алжир, Иран елдері аумағында өтетін армия ойындарына қатысады.