Фориштағы тау полигонында өтіп жатқан «АрМИ - 2021» халықаралық армия ойындары барысында «Дала асханасы» бойынша «Тамақ жасау» шартының бірінші кезеңі аяқталып, онда Өзбекстан құрамасы бірінші кезеңді сәтті аяқтады.
Онда командалар 4 сағат ішінде берілген өнімдерден тауық пен сиыр етінен тамақ, жеңіл тағамдар мен шырындар дайындау арқылы өздерінің таланты мен шеберлігін көрсетті.
Әскери аспаздардың мұндай процестерде 20 адамға тамақ дайындауына, санитарлық гигиеналық талаптардың сақталуына, тағамның сыртқы түріне, дәмі мен иісіне, безендіріуне, сондай-ақ ауыр немесе жеңіл пісіруге ерекше назар аударылды.


Кезеңнің қорытындысына орай командалар дайындаған тағамдарды әділқазылар алқасы бағалады, нәтижесі мынадай:
1. Өзбекстан Республикасы - 188 балл;
2. Ресей Федерациясы - 176 балл;
3. Беларусь Республикасы - 151 балл;
4. Тәжікстан Республикасы - 139 балл;
5. Вьетнам Социалистік Республикасы - 137 балл.
Командалар балық өнімдерін дайындау бойынша ертең, 26 тамызда өзара бәсекеге түседі.


