Арменияның Өзбекстандағы жаңа елшісі қызметін бастады
Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Арменияның жаңа елшісі Георгий Кочарянның сенім грамоталарын қабылдап алды.
Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланған.
«Арменияның Өзбекстандағы жаңа елшісі Георгий Кочарян мырзаның сенім грамоталарын қабылдаа алдық. Өзара тиімді ынтымақтастығымызды одан әрі кеңейту жолдарын талқыладық. Әрине, әлеуеті жоғары көптеген бағыттар бар. Елші мырзаға еліміздегі қызметі барысында табыс тілейміз», — деп жазды Өзбекстан СІМ басшысы өзінің телеграм арнасында.
Өзбекстан мен Армения арасындағы дипломатиялық қатынастар 1995 жылғы 27 қазанда орнаған.
Мәліметтерге сәйкес, 2026 жылғы 29 қаңтарда Армения президентінің жарлығымен тағайындалған Георгий Кочарян 2019 жылдан бері Арменияның Өзбекстандағы елшісі ретінде аккредитациядан өткен Арам Григорянның орнына келді.