Армениядағы сауда орталығында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 15-ке жетті
Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 15-ке жетті7
Армения Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде 15 мәйіт табылған. Олардың алтауының аты-жөні анықталса, тоғыз адамның аты-жөні әлі белгісіз.
Зардап шеккен 60 азамат Ереванның емдеу мекемелеріне жүгінген. Олардың 12-сі емделуде, 48-іне медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылған.
16 тамыз күні таңертең 18 адам із-түссіз жоғалды деп хабарланды. Арменияның ТЖМ өкілі Айк Костанянның айтыуынша, олардың бірі Ресей тағы біреуі Иран азаматы. Жоғалғандардың қалғаны Армения азаматтары.