Арменияда журналистке қол көтерген министр отставкаға кетті
Еревандағы кафеде журналистке шабуыл жасап қол көтерді деп айыпталған Арменияның жоғары технологиялық өнеркәсіп министрі Акоп Аршакян отставкаға кететіндігін мәлімдеді.
«Құрметті отандастар. Бүгін менің министр ретіндегі соңғы жұмыс күнім. Армения Республикасының азаматы ретінде шенеуніктің кез-келген азаматқа зорлық-зомбылық көрсетуі өрескел қателік деп санаймын және біз зорлық-зомбылықсыз қоғам құру жолымен жүруіміз керек», - деп жазған Аршакян Facebook парақшасында.
18 наурызда журналист Пайлак Фахрадян жұмыс уақытында министр Аршакяннан не үшін кафеде отырғанын сұраған ал, бұл сұрақ министрдің ашуын туғызған болса керек нәтижеде журналист соққыға тап болған.