French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Армения премьер-министрі Мәскеудегі Жеңіс парадына бармайды
21:41 / 2020-06-19

Бұған дейін Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевте осы парадқа баралмайтынын айтқан еді


Армения премьер-министрі Никол Пашинян елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Мәскеудегі Екінші дүниежүзілік соғыстың 75 жылдық Жеңіс парадына баралмайтынын мәлімдеді.

«Мен Жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа қатыса алмайтыным өкінішті. Өздеріңіз білесіздер, мен сіздің ұсыныстарыңызды қуана қабылдап едім және осы шараларға қатысу үшін Мәскеуге баруды жоспарладым. Бірақ қазіргі кезде елдегі эпидемиологиялық жағдай мұның сәті емес екенін көрсетуіне байланысты мен Мәскеуге сапарымды тоқтатуға шешім қабылдадым », - деген Пашинян Ресей президенті Владимир Путинге жолдаған хатында.

Бұған дейін Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевте осы парадқа баралмайтынын айтып, орнына Қорғаныс министрі мен 75 әскери қызметші қатысатынын айтқан.