Армения парламентінде депутаттар арасында жаппай айқас орын алды
Жанжал кезінде депутаттар бір біріне қол жұмсаған
Армения парламентінде депутаттар мен үкімет мүшелері қатысуымен өткен мәжілісте жаппай айқас орын алды.
Жанжал елдегі «Жарқын Армения» оппозициялық фракциясының жетекшісі Эдмон Марукянның мінбердегі сөз сөйлеуі кезінде орын алған. Онда саясаткер депутаттарға қарсыластарды қорламауға шақырған. Осыдан кейін «Менің қадамым» партиясының мүшесі Сасун Микаелян екеуінің арасында ауызша сөз тартысы болды. Бұл сөз қуыс саясаткерлердің орындарынан тұрып, бір-біріне қарсы келген кезде Микаелян өз алдында тұрған Эдмон Марукянның жүзіне шапалақпен жұмсаған.
Осы жағдайдан кейін мәжілістегі қалған депутаттар оларды ажыратуға тырысқан кезде жанжал күшейіп кеткен. Содан кейін мәжіліс спикері Арарат Мирзоян мәжілісті кейінге шегеруге мәжбүр болған, деп жазады РИА Новости ақпарат көзі.