Армения оппозициясы Пашинянға ультиматум қойды
Армения премьер-министрі Никол Пашинян таулы Қарабақтағы қақтығысты тоқтату туралы мәлімдемесінен кейін елде тәртіпсіздңктер басталып, ол бүгінге дейін жалғасуда.
Сенбі күні Ереванда үкімет үйі алдындағы наразылық кезінде елдегі «Дашнакцутюн» оппозициялық партиясының өкілі Ишхан Сагателян мемлекет премьер-министрін өз лауазымынан кетуін талап етті. «Біз Пашиняннан сейсенбі (8 желтоқсан) сағат 12:00-ге дейін отставкаға кетуін талап етеміз. Егер ол кетпесе, біз бүкіл ел бойынша наразылық шараларын бастаймыз» «, - деген ол.
Еске салар болсақ, Армения премьер-министрі Никол Пашинян өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында Таулы Қарабақтағы әскери әрекеттің тоқтағаны туралы мәлімдеге қол қойғанын жариялаған болатын. Осы мәлімдемеден кейін Ереванда тәртіпсіздіктер басталып, наразылыққа шыққандар үкімет үйіне басып кірген еді.