Армения карантиндік талаптарды 2021 жылдың 11 қаңтарына дейін енгізді
Карантиндік мерзім аяқталғанға дейін елге құрлық арқылы кіруге тыйым салынған
Армения үкіметі карантиндік талаптарды 2021 жылдың 11 қаңтарына дейін енгізді. Осыған байланысты карантиндік мерзім аяқталғанға дейін елге құрлық арқылы кіруге тыйым салынған.
Мемлекетте төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты елде 2021 жылдың 11 қаңтарына дейін карантин енгізу туралы шешім қабылданып, «Әлемдегі эпидемиялық жағдайды және Арменияда коронавирустық инфекцияның таралуын ескере отырып, Армения үкіметі 2021 жылдың 11 қыркүйегі мен 11 қаңтары аралығында бүкіл елде карантиндік режим енгізу туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.
Осы қаулыға сай, мемлекетте карантиндік мерзім аяқталғанға дейін ел аумағына құрлық арқылы кіруге тыйым салынған болып, тек қана дипломаттар мен олардың отбасыларына, қазаға байланысты келушілер мен халықаралық жүк жүргізушілеріне кіруге рұқсат етілген.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, қазірде Арменияда коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 45 503-ке жеткен. Сауыққандар қатары 41 мынан асып, 1200-ге жуық кісі қайтыс болған.