«Аризона Кардиналс» клубының ойыншысы жол апатынан қайтыс болды
Американың Ұлттық футбол лигасы ойыншысы Джефф Глэдни 25 жасында жол апатынан қайтыс болды.
Дереккөздің мәліметінше, қайғылы оқиға дүйсенбі күні жергілікті түнгі сағат екіде Даллас округінде (Техас, АҚШ) болған. Жол апатынан Глэднидің көлігінде болған қыз да қаза тапты. Хабарда айтылуынша спортшы жылдамдықты шектен асырып, алдындағы көлікті соғып, көлігі аударылып кеткен. Оқиғадан алдағы көліктің жолаушылары зардап шекпеген.