2022 жылғы 23 маусымда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Владимир Норов Аргентина Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған (резиденциясы Мәскеуде) Эдуардо Антонио Зуайнды қабылдады.
СІМ мәліметінше, Сенім грамоталарын тапсырумен басталған кездесудің басында В.Норов Елшіге дипломатиялық миссиясын орындауда табыс тіледі.
Кездесу барысында Өзбекстан-Аргентина ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды.
Тараптар конструктивті саяси диалогты жандандыруға дайын екені атап өтілді. Екіжақты қарым-қатынастардың шарттық-құқықтық базасын кеңейту, парламенттік дипломатияны дамыту, министрлікаралық консультациялар өткізу, сондай-ақ халықаралық институттар аясындағы күш-жігерді үйлестіру бойынша ұсыныстар қаралды.
Екіжақты сауда көлемін ұлғайту, Өзбекстан экономикасына аргентина капиталын тарту, инвестицияларды қорғау және қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімдер жасау, аргентиналық кәсіпкерлік субъектілер делегациясының Өзбекстанға сапарын ұйымдастыру арқылы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетінен тиімді пайдаланудың маңыздылығы атап өтілді.
Елші аргентиналық компаниялар Өзбекстанда түрлі салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін айтқан.
Эдуардо Антонио Зуаин, Аргентина Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясының жүзеге асырылуын үлкен қызығушылықпен бақылайды және республиканың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінде болып жатқан өзгерістерді құптайды. Буэнос-Айрес Өзбекстанмен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуды басымдылық деп санайды және бұл тұрғыда нақты практикалық шараларды қабылдауға дайын, делінген СІМ хабарында.