Аргентинада жалақыны көтеруді талап еткен жаппай шерулер өтіп жатыр
Аргентина астанасы Буэнос-Айресте мыңдаған адам көшеге шығып, жалақыны көбейтіп, инфляцияны төмендетуді талап етті.
Reuters-тің хабарлауынша, кәсіподақ туларын көтеріп, барабан соқққан демонстранттар ел астанасының басты көшелерімен жүріп өтіп, президент сарайы мен Каса Розадағы Конгресс ғимаратына алдында жиналған.
Аргентиналықтар үкіметті инфляцияға сәйкес жалақыны көтеруге, сондай-ақ экономикалық проблемаларды жеңілдету үшін әлеуметтік шығындарды арттыруға шақырған.
«Біз инфляцияның мұндай деңгейінде жүре алмаймыз, біз күн сайын жалақымыздың белгілі бір бөлігін жоғалтып жатырмыз», - деген CGT кәсіподақ жетекшісі Пабло Мояно.
Мояно шерушілер алдында сөйлеген сөзінде президент Альберто Фернандестен бағаларды бақылауға алуды және шамамен 70 пайызды құрайтын жылдық инфляцияның шешімін табуды сұрады.