Аргентинада келісім-шартты криптовалютада жасауға рұқсат берілді
Аргентинада мемлекеттік реформалар аясында келісім-шартты енді криптовалютамен жасауға болады.
«Аргентинада келісім-шарттар биткоин және басқа криптовалюталармен жасалуы мүмкін», - деп жазды Сыртқы істер министрі Диана Мондино әлеуметтік желідегі парақшасында.
Кеше Аргентина президенті Хавьер Милей өзі қол қойған жарлықты жариялады. Бұл құжат Аргентинада 300-ден астам реформаны жүзеге асыруды көздейді.