Аргентинада бортында дәрігерлері бар ұшақ апатқа ұшырады
Аргентинаның Тьерра-дель-Фуэго провинциясында бортында дәрігерлері бар Learjet 35 ұшағы ұшып бара жатып апатқа ұшырады.
Telam порталының хабарлауынша, апат салдарынан екі ұшқыш, дәрігер және медбике қаза тапқан.
Әлеуметтік желідегі видеоларға қарағанда, Learjet 35A ұшағы әуежай аумағында, ұшу-қону жолағына жақын жерде құлап, жанып кеткен.
Flying América SA компаниясына тиесілі ұшақ астанадан Тьерра-дель-Фуэгоға сәбиі бар ананы жеткізіп, Буэнос-Айреске қайтып бара жатқан болған.
Аргентинаның көлік қауіпсіздігі кеңесі қайғылы оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.