Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Аргентина вице-президенті Киршнерге қастандық жасалды
11:12 / 2022-09-02

Аргентинаның вице-президенті Кристина Киршнерге қастандық жасалды.

Deutsche Welle басылымының хабарлауынша, 1 қыркүйек күні кешке Аргентина вице-президентіне оның Буэнос-Айрестегі үйінің алдында қастандық жасалған.

69 жастағы саясаткердің Мемлекет басшысының міндетін атқарушы Альберто Фернандес теледидар арқылы сөйлеген сөзінде, бір адам Киршнерге қарата тапанша оқталып тепкіні басқан. Бірақ тапаншадан оқ атылмай қалған. 

Қарудан оқтың атылмай қалу себебі «әзірше техникалық расталған жоқ», - деген Фернандес. 

Шабуыл жасаған адам қамауға алынған. Вице-президент зардап шекпеген. 

Соңғы күндері Киршнердің жүздеген жақтастары саясаткердің үйінің алдына оны қолдау үшін лагерь құрған. Вице-президент сыбайлас жемқорлық бойынша сотта айыпталуда. Айыптаушы тарап вице-президентті 12 жылға бас бостандығынан айыруды және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салуды талап етіп отыр. Тергеу мәліметінше, ол қылмыстық топты басқарып, мемлекетке бір миллиард еуро көлемінде шығын келтірген. 

Кристина Киршнер 2019 жылдың желтоқсанынан бері вице-президент болып жұмыс істейді. Ол 2007 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың желтоқсанына дейін Аргентинаның президенті болды.