Аргентина Украинаға әскери көмек көрсетпейтінін мәлімдеді
Аргентина үкіметі Украинадағы қақтығысқа араласып, Киевке әскери көмек жібермейді.
Бұл туралы Оңтүстік Америка Республикасы президентінің ресми өкілі Мануэль Адорни хабарлады.
«Ешқандай әскери көмек көрсетпейміз. Біз тек гуманитарлық көмек, логистика және аумақты миналардан тазартуға көмектесеміз, бірақ әскери қақтығысқа ешбір жолмен араласпаймыз», - деген ол баспасөз мәслихатында.
Адорнидің айтуынша, Аргентинаның әрекетін Ресейге қарсы дұшпандық көзқарас деп бағалауға болмайды.
«Менің түсінігім бойынша, дұшпандық әрекеттер қару жіберу, әскери қақтығысқа қатысу», - деген Мануэль Адорни.