Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Аргентина соты Никарагуа президентін тұтқындауға ордер берді
13:36 / 2025-01-01

Аргентина соты Никарагуа президенті Даниэль Ортега мен оның жұбайы, республика вице-президенті Росарио Мурильоны іздеуге беру туралы шешім қабылдады. 

Бұл туралы Никарагуа үкіметіне қатысты адам құқықтарының бұзылуы бойынша тергеу жүргізген аргентиналық адвокат Дарио Ричарте мәлімдеді.

«Екі жарым жылға созылған тергеуден кейін судья Даниэль Ортега мен Росарио Мурильо, сондай-ақ он шақты басқа да тұлғаларды жауап алуға шақырып, оларды халықаралық іздеуге беру үшін тұтқындау ордерін шығарды», – деп жазды Ричарте өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Никарагуаның La Prensa басылымының мәліметінше, бұл шешім Никарагуада 2018 жылғы тәртіпсіздіктермен байланысты. Бұл оқиғалар салықтардың көтерілуі мен әлеуметтік жәрдемақылардың қысқаруын көздеген әлеуметтік қамсыздандыру реформасынан басталған. Наразылықтар кезінде Ортега реформаны тоқтатқанымен, митингтер жалғасқан, ал демонстранттар оның отставкаға кетуін талап еткен.

Никарагуаның Адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз қауымдастығының мәліметі бойынша, елдегі шерулер барысында бірнеше жүздеген адам қаза тапқан.

Аргентина сотының пікірінше, адам құқықтарын бұзуға қатысты айыптар – ұлттық юрисдикция шеңберінен тыс мәселелер. Сондықтан басқа мемлекеттің басшысын жауап алуға шақырып, оны тұтқындауға ордер беру құқығына ие.

2024 жылғы қыркүйекте Аргентина соты Венесуэла басшылығының бірқатар мүшелерін, соның ішінде ел президенті Николас Мадуроны адамзатқа қарсы қылмыстары үшін тұтқындауға ордер берген еді.