Аргентина құрамасы «Финалиссима» кездесуінде жеңімпаз болды
29 жылдан кейін Еуропа және Оңтүстік Америка құрлықтарының чемпиондары арасындағы қайта жаңғырған бәсекеде Аргентина құрамасы жеңіске жетті.
Уэмблиде алаңында өткен финал кездесуінде Аргентина құрамасы Италия қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Лаутаро Мартинес, Анхель Ди Мария және Пауло Дибала соққан голдар «Альбиселесте» ірі есептік жеңіс сыйлады.
Бұған дейін екі құрлық чемпиондары арасындағы кездесулерде 1985 жылы Франция, 1993 жылы Аргентина жеңіске жеткен болатын.