Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Аргентина президенті сайлауалды митинг кезінде шабуылға тап болды
15:03 / 2025-08-30

Наразылар Аргентина президентіне оның қарындасына қатысты коррупция айыптауларына байланысты сайлауалды насихат шарасы кезінде шабуыл жасады.

Аргентина басшысының баспасөз хатшысы хабарлағандай, оқиға ел астанасы Буэнос-Айрестің оңтүстігінде орналасқан Ломас-де-Самора қаласында болған. Президенттің зардап шекпегені, қауіпсіздік қызметкерлері оны дереу оқиға орнынан алып кеткені айтылды.

AFP хабарынша, оқиға Милейдің қарындасы әрі көмекшісі Карина Милей төңірегіндегі коррупция дауы аясында орын алған. Шабуыл кезінде саясатшы қарындасымен бірге көлікте отырған. Наразы топ президент мінген және оған ілесіп келе жатқан көліктерге тас, өсімдіктер мен бөтелкелер лақтырған.

Милей оқиға орнын тастап кеткеннен кейін оның жақтастары мен қарсыластары арасында қақтығыс шыққан. Хабарға қарағанда, Милейдің кемінде бір жақтасы қабырғасынан жарақат алып, жедел жәрдем көлігімен әкетілген.