Аргентина мен Италия құрлықаралық суперкубокта бақ сынайды
Америка кубогы мен Еуро-2020 турнирі жеңімпаздары құрлықаралық суперкубок кездесуінде бақ сынайтын болды.
Оңтүстік Американың футбол қауымдастығы (Conmebol) УЕФА-ға құрлықаралық Суперкубок ойынын өткізуді ұсыныс жасады. УЕФА бұл ұсынысты бірден қолдап, матчты 2022 жылдың қаңтарында өткізуді ойластыруда. Себебі коронавирусқа байланысты жағдай алаңға көрермендердің келуіне мүмкіндік бермеуі мүмкін.
Conmebol бұл ұсынысты қабылдаған. Қазіргі жоспар бойынша кездесу Қатарда өтеді деп күтілуде.
Еске салар болсақ, Аргентина Америка кубогы финалында Ди Марияның жалғыз голының арқасында Бразилияны 1: 0 есебімен жеңді. Италия болса, Еуро-2020 финалында Англияны пенальтилер сериясында жеңген болатын.