Аргентина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шықпақ
Аргентина президенті Хавьер Милей елді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДСҰ) шығару туралы бұйрық берді.
Бұл туралы үкіметтің ресми өкілі Мануэль Адорни мәлімдеді.
«Сіздерге хабарлаймын, Аргентина президенті Хавьер Милей сыртқы істер министрі Херардо Вертейнге Аргентинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрамынан шығару бойынша нұсқау берді», – деді Адорни баспасөз мәслихатында.
Аргентина ДДСҰ-дан шығу туралы шешімді негізінен COVID-19 пандемиясы кезінде санитарлық саясатқа қатысты туындаған өткір келіспеушіліктерге байланысты қабылдағаны айтылуда.
Айта кетейік, биылғы қаңтар айында АҚШ та ДДСҰ құрамынан шыққан болатын.