English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Арда Туран футболдағы мансабын аяқтады
11:23 / 2022-09-13

«Барселона» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы түркиялық Арда Туран футболшылық мансабын аяқтады.

35 жастағы ойыншы соңғы екі маусымды «Галатасарай» клубында өткізді. Футболшы кәсіпқой футбол ойнауды осы клубта бастаған. Жартылай қорғаушы бұған дейін «Ыстамбұл», «Барселона» және мадридтік «Атлетико» клубтарында өнер көрсеткен.

Арда Испанияның 2 дүркін чемпионы саналады. «Барселона» және «Атлетико» клубтары сапында  Ла Лигада бір реттен жеңіске жеткен. Сондай-ақ, каталондық командамен ол екі рет Испания кубогын және бір рет ел Суперкубогында чемпион болған. Мадрид клубымен Испания кубогы, суперкубок, Еуропа лигасы және УЕФА суперкубогы жеңімпазы атанды.

Туран Түркия құрамасында 100 ойында жасыл алаңға шығып, 16 гол соққан. 2008 жылы Еуропа чемпионатында қола жүлдеге ие болды.