17–19 сәуір күндері Қарақалпақстан Республикасында Арал халықаралық туризм апталығы аясында бірқатар маңызды іс-шаралар өтуде.
Аталған шараларға қатысу үшін Арал өңіріне келген жергілікті және шетелдік туристерді Нөкіс халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алды.
[gallery-22877]
Апталықтың алғашқы күнінде қатысушылар үшін Нөкіс қаласындағы Игорь Савицкий атындағы Қарақалпақстан мемлекеттік өнер музейіне, Қарақалпақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті мемлекеттік музейіне және Хожелі ауданындағы тарихи ескерткіштерге экскурсия ұйымдастырылды.
Апталықтың екінші күнінде Қарақалпақ мемлекеттік жас көрермендер театрында «Арал маңының ізгі ниет елшілері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мен ашық аспан астындағы концерт бағдарламасы («Open-air») жоспарланған.
Сонымен қатар, апталық аясында «10000 қадам» қоғамдық жобасы, көшет отырғызу акциясы, бадминтон бойынша жарыс, «Арал балықтарынан 99 түрлі тағам» атты гастрономиялық фестиваль және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.
суреттерді түсірген М.Хабибуллаев, ӨзА