ӨР Төтенше жағдайлар министрлігі Арал теңізінің құрғаған аумағында көгалдандыру бойынша кезекті маусымға дайындықты бастады.
Министрлік дерегінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2018 жылы Арал теңізінің құрғаған жеріне орман өсіру бойынша ауқымды мемлекеттік бағдарлама қолға алынды.
«Бұл бастаманың мақсаты – су қоймасындағы судың құрғауынан туындаған экологиялық апаттың зардаптарын азайту. Соңғы жылдары Төтенше жағдайлар министрлігі мен Орман шаруашылығы агенттігінің күш салуының нәтижесінде Арал теңізінің құрғаған аймағында шөлді өсімдіктерден тұратын орасан зор ормандар пайда болды.
Жақын арада көгалдандыру маусымының кезекті процесі басталады», делінген хабарламада.
Кейінгі апталарда Төтенше жағдайлар министрлігі Инженерлік-қорғау және құрылыс-қалпына келтіру жұмыстары бас басқармасының қызметкерлері авиацияның көмегімен егілетін сексеуіл тұқымын дайындап жатыр.