Арал өңірінде экологиялық полиция өз жұмысын бастады
Ағаштарды рұқсатсыз кесу, қоқыс тастау және браконьерлік жағдайлардың алдын алу мақсатында Арал өңірінде экологиялық полиция өз жұмысын бастады.
24 тамызда Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен экологиялық жағдайды жақсарту, ағаштарды қорғауды тиімді ұйымдастыру және жасыл алқаптарлы кеңейту шаралары туралы бейнеконференциялы жиын өтіп, ондаТашкент қаласында және облыс орталығында экологиялық полиция құрылатыны айтылған болатын.
Осыған орай өңірлерде табиғат ананы қорғауға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылып, солардың бірі Арал өңірінде қызметін бастады.

Қазіргі таңда Қарақалпақстан Республикасы Экология және қоршаған ортаны қорғау комитеті Нукус қалалық инспекциясы мен Ішкі істер министрлігімен бірлесіп экология саласында бірқатар заң бұзушылықтардың алдын алу үшін күндіз-түні күшейтілген бақылау шараларын жүргізуде.
